04 Қаңтар, 2022 NEWS
Амангелді Батырбеков/Facebook
Түркістан облысындағы Сарыағаш-инфо" газетінің редакторы Амангелді Батырбековтің үйіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Нұржүрек Махаев есімді Facebook қолданушысы жазды.
"03.01.2022 жылы сағат 23:00 шамасында Амангельды Батырбеков ағамыздың үйіне шабуыл жасалды. Екі рет оқ атылып ұлы жарақат алды" делінген желудегі жазбада.
Оқиғаның мән-жайы туралы әзірге өзге ақпарат жоқ. Жағдайға байланысты полиция я журналистің өзі пікір білдірмеді.
Журналист бұған дейін әлденеше рет желідегі жазбасына бола "жала жабу" және "қорлау" бабымен қылмыстық істерге тартылып, артынша ақталып шыққан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір