• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 02:34:54
Алматы
+35°

Қостанай облысында теміржол өткелінде жеңіл көлік пен поезд соқтығысып, бір адам жараланды. Оқиға ng.kz_  instagram парақшасында хабарланды.

Оқыс оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында болған. Теміржол өткелінде пойыз бен Chevrolet жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Көлік жүргізушісі автокөлікке арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ауданындағы Карбышев көшесі жағынан келе жатып, теміржол өткеліне шығып, Рудный қаласы бағытында теміржол бойымен келе жатқан Нұр-сұлтан-Орал жолаушылар пойызымен соқтығысқаны анықталды.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1981 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Қазір жеңіл көлік жүргізушісінің жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қанында алкогольдік сусындар бар-жоғы анықталуда. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қостанай теміржол

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір