• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:17:12
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі 19 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 379 адамнан коронавирус, 8 адамнан пневмония анықталған. 18 желтоқсанда 2 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.

20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 721 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 413 пациент стационарда, 16 308 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 293 адамның жағдайы ауыр, 73 пациенттің жағдайы өте ауыр, 58 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

20 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 899 669 адам вакцинаның I компонентін, 8 363 114 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір