• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:18:20
Алматы
+12°
Шымкент әуежайында жарылғыш зат салынғаны туралы хабарламадан кейін адамдарды эвакуациялау басталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан басылымы.

"2021 жылдың 15 желтоқсанда сағат 02.00-де Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежай ғимаратын миналау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіпке сәйкес, барлық қызметтер ескертіледі. Полиция мен ҰҚК қалалық департаменті әуежай қызметтерімен бірлесіп арнайы іс-шаралар өткізді. Әуежай терминалында адамдарды эвакуациялау жүргізілді", - деп растағанды Sputnik Қазақстан басылымына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Уәкілетті органдар бір жарым сағат бойы әуежайды тінтіп, ештеңе таппаған. Осы аралықта ұшу тоқтатылып, рейстер кешіктірілген. Қазіргі таңда әуежай жұмысы қайта қалпына келді. Жолаушыларды тіркеу басталғаны хабарланды.

Көліктегі полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған факт Шымкент қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қарастырылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент әуежайы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір