• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:23:55
Алматы
+12°

"Дезинформация қауіпсіздік пен демократияға қатер төндіреді" дейді Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алған журналистер. Филиппиндік Мария Ресса "өтіріктер фактіге айналғанда" демократияға ең үлкен қауіп төнетінін айтса, ресейлік Дмитрий Муратов қоғам қазір қауіпті "пост-шындық кезеңде" екенін айтты.

Норвегиялық Нобель комитеті жұма күні Ослода (Норвегия) өткен салтанатты рәсімде екі журналисті "демократия мен тұрақты бейбітшіліктің алғышарты болып есептелетін сөз бостандығын қорғаудағы күш-жігері үшін" марапаттады.

Журналистер мен олардың командалары сөз бостандығын табанды қорғағаны үшін өз елдерінде шабуылдар мен қудалауларға ұшыраған.

2012 жылы 58 жастағы Ресса Филиппин үкіметін сынайтын "Rappler" журналистік зерттеу веб-сайтының негізін қалады.

1993 жылы 59 жастағы Муратов Кремльдің бағытын ұстанбайтын санаулы ақпарат құралдарының бірі болып саналатын "Новая газета" тәуелсіз орыс газетінің негізін қалаушылардың бірі болды.

Соңғы рет журналистерге Нобель сыйлығы 1935 жылы неміс Карл фон Осьецкиге беріліп, Гитлердің қайта қаруланып жатқаны туралы әлемді хабардар етті.

Фон Оссицки нацистік лагерьде қамауда отырғандықтан жүлдесін алу үшін Норвегияға бара алмады.

Ресса рәсімнен кейін Норвегиядан берген сұхбатында авторитаризм күшейіп келе жатқан қауіп екенін айтты.

– Менің ойымша, бұл – Нобель комитеті жіберген сигнал. Біз тарихи, экзистенциалды сәтте бұл туралы бірдеңе істеуіміз керек. Өтіріктер фактіге айналғанда демократияға ең үлкен қауіп төнеді. Өйткені бұл – біздің ортақ шындықты бұзады және бұл қоғамды манипуляциялауға жол ашады,– деді Ресса.

Муратов жалған ақпарат – күшейіп келе жатқан қауіп, ауыр қатер екенін айтты.

– Манипуляция соғысқа әкеледі. Біз ақиқаттан кейінгі кезеңнің ортасындамыз. Қазір әркім факті емес, өз идеясымен айналысады. Әлеуметтану ғалымдарының зерттеуінше, адамдар ненің ақиқат, ненің өтірік екенін біліп тұрса да, олардың 75 пайызы өтірікті шындық деп санайтынын көрсетті, өйткені олар өтірікті жақсы көреді. Бұл қазірдің өзінде болып жатыр. Біз адам санасын манипуляциялаудың қайнаған ортасында өмір сүріп жатырмыз, – деді Муратов.

Ресса сонымен қатар Facebook сияқты ірі тех-алпауыттардың иелігіндегі әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардың, өшпенділік сөздердің таралу алгоритмы жоғары екенін, оның фактілер мен демократияға қауіп төндіретінін айтты.

Сыйлық бүкіл әлемде журналистердің құқықтары мен БАҚ бостандығының бұзылуы артып келе жатқан кезде берілді.

"Новая газета" – Ресейдегі шетелдік агент ретінде аталмаған соңғы тәуелсіз газеттердің бірі.

2000-2009 жылдар аралығында "Новая газетаның" алты журналисі, оның ішінде 2006 жылы лифтте атып өлтірілген зерттеуші журналист Анна Политковская да қаза тапты.

Политковскаяның жұмыстары Ресейдегі жоғары деңгейдегі жемқорлық пен Шешенстандағы құқық бұзушылықтарды әшкерелеген.

"Ресей журналистикасы қазір қараңғы дәуірдегі сынақ кезеңінде екеніне қарамастан, біз өз ұстанымдарымыздан қайтпаймыз" деді Мұратов газетінің зорлық-зомбылық қаупіне қалай төтеп беретіні туралы сұраққа.

Ресса жұмысының көп бөлігі Филиппин президенті Родриго Дутертенің 7000 адамды сотсыз өлтіруіне қатысты. Дутерте өлімге үкім етілген мыңдаған адамды есірткіге қарсы соғыстың айыптылары ретінде сипаттайды.

Сыйлығын алуға Норвегияға бару үшін Ресса Филиппиндегі төрт соттан рұқсат сұрауға мәжбүр болды.

Филиппин жоғарғы соты бұрынғы төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екенін айтып, жариялаған мақаласы үшін Ресса "жала жапты" деп айыпталып алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Брюссельде орналасқан Халықаралық журналистер федерациясы бейсенбі күні жасаған мәлімдемесіне сәйкес, әлемде түрмедегі журналистер саны артып келеді, 2021 жылы 365 журналист түрмеге жабылған болса, былтыр бұл көрсеткіш 235 болды.

Федерацияның ақпаратынша, Қытайда 102 журналист темір тордың ар жағында жатса, Түркияда 34 журналист, Беларусь пен Эритреяда 29, Мысырда 27 және Вьетнамда 21 журналист түрмеде отыр.

Ресейде әлі темір тордың ар жағында 12 журналист отыр, ал 2021 жылы Филиппинде кем дегенде үш журналист өлтірілді.

"Биыл кемінде 45 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапты, олардың 33-і мақсатты шабуылдардан қаза тапты" деп хабарлады Халықаралық журналистер федерациясы.

Ресса Норвегияда аудиториямен бірге болғаны үшін "өте бақытты" екенін айтты, өйткені небәрі 36 сағат бұрын бұрынғы әріптесі Хесус Малабанан атып өлтірілген. Ол 2016 жылы Дутерте билікке келгеннен бері Филиппинде өлтірілген 22-ші журналист.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нобель сыйлығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір