• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:57:43
Алматы
+12°
16 желтоқсаннан бастап бірыңғай зейнетақы төлемдері қаражаты есебінен Отбасы банкіндегі депозитті толтыру мүмкіндігі іске қосылмақ. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.
 
Ләззат Ибрагимова президент үкіметке зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұлғайтпауды тапсырғанын, депозитті толтыру батырмасын 16 желтоқсанда іске қосуға және төрт демалыс күні бойы арнайы шоттар мен депозиттерді ашуға дайын екенін атап өтті.
 
"Біз жерлестеріміз мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үй компьютерінен жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы Банктегі депозиттеріне аудара алатындай техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз. Тек бір өтініш, барлығын www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн режимде жасасаңыздар. P. S. ақпараттық қауіпсіздік мақсатында платформа тек қазақстандық IP мекенжайларынан ғана қолжетімді және планшеттік немесе стационарлық компьютерлермен жұмыс істеуге есептелген. Егер сіз біреудің платформаға кіре алмағандығы туралы ашулы постын көрсеңіз, бұл автордың VPN арналары арқылы түсініксіз сайттарға кіріп, соның кесірінен енді платформаға кіре алмай отырғандығының белгісі екенін түсініңіздер" деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы жинағы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір