06 Желтоқсан, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Мьянманың биліктен тайдырылған басшысы Аун Сан Су Чжиге төрт жылға түрмеге жабу үкімі шықты. Бұл оны өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін бірқатар үкімдердің алғашқысы.
Ол "өзгеше пікірлерді қоздырды және Ковид ережелерін бұзды" деген айыппен кінәлі деп танылды.
Оған 11 айып тағылған. Су Чи ханым барлық айыптарды жоққа шығарады.
76 жастағы ол ақпандағы әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен қуылғанға дейін сайланған азаматтық үкіметті басқарған.
Содан бері Су Чжи үйқамаққа алынып, сыбайлас жемқорлық, ресми құпияны жариялау және қоғамдық тәртіпсіздік тудырды деген көптеген айыптар тағылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір