02 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенат отырысында мектептерде балалар ертеңгілігін өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүкіл білім жүйесі бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешіміне бағынады.
– Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ6 олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады, – деп жауап берді ведомство басшысы сенат отырысында.
Сондай-ақ, министрге "омикрон" штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.
– Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімдері аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз, – деп түсіндірді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір