• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:29:32
Алматы
+12°

02 Желтоқсан, 2021 NEWS

Қытай автокөліктері Қазақстан нарығына батыл түрде еніп жатыр

Екі қытайлық темір тұлпар Қазақстандағы ТОП-15 бренд қатарында, жақында тағы бір бренд көліктерінің саудасы басталмақ.

2018 жылғы JAC S3 көлігі/Фото: aster.kz

Қазан айында Қазақстандағы диллерлер 9,3 мың жеңіл көлік сатқан. Бұл – былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,6 пайызға жоғары, деп хабарлады energyprom.kz сайты.

Ал Еуропада керісінше, көлік саудасы 29,3 пайызға түсіп, Еуропа нарығы тарихындағы ең нашар жағдайды көрсеткен.

2021 жылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 96,8 мың көлік сатылған. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш бұдан 31,9 пайызға төмен.

Сатылған көліктер тізімінде Chevrolet (25 мың), Hyundai (19,4 мың) және Toyota (11,4 мың) маркалары көш бастап тұр.

Соңғы деректер қытайлық көліктердің нарықтағы үлес салмағы белсенді түрде артып келе жатқанын көрсеткен. Үлес 2,1 пайыздан 3,1 пайызға дейін өскен. Елдегі ең танымал 15 бренд қатарына қатайлық екі марка енген.

 

JAC бренді жыл басынан бері 2,2 мың көлік сатып 10-орында тұрса, 833 көлік сатқан Haval бренді үздік 15-ті түйіндеген. Соңғысы сатуды сәуір айында бастаған. Сондай-ақ желтоқсанда Chery деп аталатын тағы бір қытайлық компания көліктерінің сатылымы басталмақ.

 

Осыған ұқсас жағдай Ресейде де байқалып отыр. Көрші елдің көлік нарығында қытайлық көліктердің үлесі бір жылда екі есеге жуық артып, 3,6 пайыздан, 6,3 пайызға дейін жеткен.

Мамандар Chery брендінің Ресейдегі қарқынды танымалдығын ескеріп, мұндай тенденция Қазақстанда да қайталануы мүмкін екенін айтады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автонарық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір