• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:57:10
Алматы
+12°

Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылып, оның орнына Қанат Бозымбаев тағайындалды.

Аталған қызметке Баталов 2014 жылдың 20 тамызынан бастап кіріскен.

Қанат Бозымбаев бұған дейін президент көмекшісі қызметін атқарған.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы "Эдем ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған. 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы "Алмаз және Компания" компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

08.1998-03.2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

03.2000-12.2000 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

05.2001-08.2007 жылдар аралығында "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті.

30.11.2009-12.2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі. 12.2013-25.03.2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

25.03.2016-18.02.2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір