• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:51:13
Алматы
+35°

Елдің бұрынғы президенті Чун Ду Хван 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ресми өкілдері мәлімдеді.

"Чун қан ісігімен ауырды. Ол Сеулдегі үйінде көз жұмды" делінген Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі таратқан хабарламада.

Бұрынғы генерал 1979 жылы төңкеріс нәтижесінде билікті қолына алып, 1988 жылға дейін елді басқарған. Кейінірек ол 1980 жылы Кванджуда демократияны жақтайтын наразылық білдірушілерді өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өлім жазасына кесілді. Алайда, кейінірек оған ұлттық татуласу шарасында рақымшылық жасалды. Ол Оңтүстік Корея тарихындағы диктатор президент ретінде ел есінде қалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Оңтүстік Корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір