18 Қараша, 2021 NEWS
Тимуржан Нұрымбетов пен Біржан Нұрымбетов
Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының экс-басшысы Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сот үкімі өзгерді. Бұл туралы Malim.kz хабарлады.
Тимуржан Нұрымбетов пара алды, алаяқтық жасады және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Басылым мәліметінше, апелляциялық сот үкімді қайта қарап, түрме жазасын екі жылға қысқартқан. Яғни сотталған шенеунік енді сегіз жылын абақтыда өткізеді.
Нұрымбетовтың қылмыстық іс-әрекеті мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
"Сот үкімінде қылмыстық жолмен тапқан ақшаға ол "FVS 500" маркалы екі колонка, "Pudon" фирмасы шығарған микшер және микрофон алған деп көрсетілген. Сот шешімімен сәйкес, бұл заттар тәркіленеді" делінген ақпараттық хабарламада.
Тимуржан Нұрымбетов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Біржан Нұрымбетовтың ағасы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір