• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:45:16
Алматы
+12°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді артық есептіліктен босатуды тапсырды.

Ведомство басшысының сөзінше, бір мектепте сынып жетекшілерден 19 тармақ бойынша ақпарат талап етілген. Министр білім басқармаларына бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Аймағамбетов тапсырма орындалмаса, мектеп директорлары ғана емес білім бөлімдері, басқарма басшылары да жауапкершілікке тартылатынын айтты.    

– Әсіресе сынып жетекшілерге ойға қонымсыз құжаттарды енгізіп қойған. Бір мектепте тек қана сынып жетекшілерден 19 құжатты талап еткен. Осы мәселемен айналысыңыздар. Тиісті жауапкершілікке тартуды тапсырамын. Керек емес. Бұны кім оқиды. Көп мәселелер электронды форматта бар. Оның бәрін басып жинап қойғаннан не пайда? Қажет емес, тіпті түсініксіз ақпарат сұрайсыздар, –  деді министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір