10 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Бауыржан Дәуітбаев.Отбасының жеке мұрағатынан
Жамбылдағы жаралыс кезінде із-түзсіз жоғалған сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылған жоқ.
Әскери бөлімде қызмет еткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев өртті өшіруге алғашқы аттанғандардың бірі болған. Оны іздеу жұмыстары екі айға жуықтады. Алайда ешқандай нәтиже жоқ.
– Сержант Дәуітбаевты іздестіру тоқтатылған жоқ, тиісті шаралар жалғасып жатыр. Оған қарулы күштердің әскерилері ғана емес, ұлттық ұлан сарбаздары да қатысып жатыр, – деді қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев.
Оның айтуынша, әскери қойманың аумағы толық қаралған. Бүгінде мамандар ол жердегі топырақтарды електен өткізіп жатыр.
Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оқ-дәрілер жарылған.
Жарылыс салдарынан 17 адам қаза тауып, әскери бөлім маңындағы Қайнар ауылындағы ғимараттар бүлінген.
Хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылмады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір