08 Қараша, 2021 Барлық аймақтар
фото: Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 40 оқушысы «Туған елге тағзым -2021» өлкетану-зерттеушілік экспедициясына қатысып, киелі өңірді зерттеді. Қарашаның 1-і мен 5-і аралығында оқушылар Маңғыстау өлкесінің флорасы мен фаунасы, тарихи орындары, киелі мекендері мен өндіріс орындарын аралап, өңір тынысын өз көздерімен көрді.
- Маған «Туған елге тағзым» экспедициясы аясында өңірдің өндіріс орындарына барғанымыз ерекше ұнады. Маңғыстау өңірінде шет елге экспортталатын өнімдерді көру біз секілді жастарға серпін береді және теориялық тұрғыдан өткен процесстері, элементтерді өз көздерімізбен көрдік, - дейді экспедиция қатысушысы Қанат Сақпаев.
Танымдық жобаның алғашқы күнінде балалар өлке туралы жалпы мағлұмат жинаудан бастаса, екінші күні өлкенің флорасы мен фаунасын зерттеуге аттанды. Бұл күні зияткерлер Қаракөл көліне, Каспий итбалықтарын оңалту орталығына, страус фермасына және, ботаникалық баққа барды. Ал үшіні күні өңірдегі битум шығару зауыты мен аммиак зауытын көрді. Ал төртінші күні сапар Сүлтан үпі, Шақпақ ата жерасты мешіттері мен «Отпан тау» тарихи мәдени кешеніне саяхатпен жалғасын тапты.
«Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану зерттеушілер экспедициясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді. Экспедицияның басты мақсаты – зияткерлердің туған елге сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беріп қана қоймай, Қазақстанның өндірістік әлеуетін таныту және балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір