02 Қараша, 2021 Саясат
Фото: Василий Федосенко/REUTERS
Facebook әлеуметтік желісіне иелік ететін "Meta" ("Facebook") компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи Қазақстан үкіметінің әлеуметтік желідегі контентті хабарлау жүйесіне эксклюзивті түрде қол жеткізгенін терістеді.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында кеше, 1 қарашада министлік пен Facebook интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келгені хабарланған.
Министрлік мәлімдеме Facebook-пен бірлесіп жасалып отырғанын, ішкі "Контентті хабарлау жүйесіне" ("Content Reporting System" (CRS)) тікелей эксклюзивті қолжетімділік берілгенін, бұл ұлттық заңнаманың бұзушылықтары бар контент туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беретінін жазған.
Алайда Бен Макконаги агенттігіне жолдаған хатта Facebook Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасамағаны, Қазақстан мәлімдемені талқылау негізінде жасағаны айтылады.
"Біз оларға (Қазақстан үкіметіне - ред) жергілікті заңнаманы бұзатын контенттің мазмұнын шектеу туралы үкімет сұрауларын қарастыру бойынша жаһандық процессті бастағанымызды айттық" деген ол мұндай процесс тек министрлік мәлімдегендей Қазақстан үшін жасалған эксклюзив шара емес, бүкіл әлем үкіметіне арналғанын атап өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тың бірлескен мәлімдемені терістеуіне байланысты пікір білдіріп, "негізгі келіссөздер Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша "Meta" ("Facebook") компаниясының өңірлік офисімен жүргізілгенін, 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілгенін" атап өтті.
Reuters сондай-ақ Қазақстан парламенті қыркүйекте биліктің арыз-шағымын қарастыру үшін әлеуметтік желі мен хабар алмасатын қосымшалар Қазақстанда кеңселерін ашып, жетекші тағайындамаса, үкіметке оларды бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасын ("Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң) әзірлеуді бастағанын еске салды.
Заң жобасын әзірлеушілердің бірі депутат Айдос Сарым, дүйсенбіде заң технология алпауыттарымен келіссөз жүргізуге жол ашқанын, ендігіде Қазақстан билігі заң ережелерін жеңілдетуге әзір екенін мәлімдеген.
Заңнаманы сынаушылар жаңа ереже цензура мен биліктің әлеуметтік желідегі бақылауын күшейтеді деп санайды. Ал заң жобасын дайындағандар бұл шаралар киберқорлау мен өзге қауіпті контенттің таралуына жол бермеуге мүмкіндік беретінін айтады.
Заң жобасы бүгінде мәжілісте мақұлданып, сенат қарауында жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір