• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:22:25
Алматы
+12°

Фото: Ашық дереккөз

Қытайда COVID-19 індеті "жылдам өршіп жатыр" деп ескертті қытайлық денсаулық сақтау қызметкерлері. Қытай ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметтері бойынша, елде 17-29 қазан аралығында COVID-19 жұқтырған 377 жағдай тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Қытай соңғы 24 сағатта 72 COVID-19 жағдайы тіркелгенін хабарлады, бұл – вирус жұқтырушылардың 70%-ға артқанын білдіреді.

"Бұл індет елдің солтүстік-шығысында шоғырланған, оған шетелден келген вирус тасымалдаушыбар себеп болды" деп хабарлады ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы.

Мамандар вирустың таралуынына ықпал ететін маусымдық факторлар туралы да ескертті.

Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына пандемияның қауіп төндіруін қаламайды. Дегенмен бұл елде ресми статистика бойынша, өзге елдерге қарағанда коронавирустың таралу жағдайы төменірек.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай пандемия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір