29 Қазан, 2021 Маңғыстау облысы
фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласының тарихи-өлкетану мұражайында «Музей түні» өтті. Шара «Музей – мәдениет орталығы ретінде дәстүрдің келешегі» деп аталды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлайым Азан мәлім етті.
Оның айтуынша, мамандар келушілерге музей экспозициясы бойынша экскурсиялық бағдарламалар мен «Жаңаөзен қаласы: кеше және бүгін» архив қорынан деректі видеосюжеттер көрсетті. Шараға қала тұрғындары, мектеп пен арнаулы оқу орындарынан, мемлекеттік және өндірістік мекемелерден қызметкерлер келді.
-«Музей - ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Мұнда бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін, халықтың салт-дәстүрін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа танытады. Осы мақсатта үш залдағы ұлттық құндылықтар көрермендерге таныстырылды. Музей түнінде қаламыздың халықтық «Домбыра сазы» фольклорлық ансамблі, «Домбыра дастан» ансамблі, «Алтын дария» әжелер ансамблі, күйшілер одағының төрағасы Марат Қамаратдинұлы және басқа да таланттар өнер көрсетті. Алдағы уақытта музей экспонаттарының қатарын әлі де толықтырып, қала тұрғындарының назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз. Музейдегі шаралар жалғасын табады», - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір