29 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша көп балалы жанұядан шыққан бүлдіршіндерге экскурсия ұйымдастырды.
Тур «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесе «Мейірімді жүрек» акциясы аясында қолға алынды. Құрамы 20-дан аса оқушыдан жасақталған топ мүшелері “Шым қала” тарихи-мәдени орталығы, Этноауыл, Түркістан облысының тарихи-өлкетану музейі, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы және Бәйдібек би ескерткішіне барып, туристік нысандармен танысты.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың туған өлке тарихы туралы ой-танымдарын арттырып, Шымкент қаласындағы туристік нысандар және көрікті орындармен таныстыру. Ал, арнайы экскурсия аяқталған соң, бүлдіршіндерге «Ладушки» кафетериясы тарапынан тегін түскі ас және сыйлықтар ұсынылды. Жасөспірімдерді қала тарихымен таныстыруды көздеген арнайы экскурсиялық шаралар алдағы уақыт да жалғасатын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір