• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:57:42
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласындағы Ақназар хан көшесінде орташа жөндеу жұмысы сәуір айында басталған болатын. Бүгінде құрылыстың 50 пайызы аяқталып, пайдалануға беру мерзімі күздің соңғы айына жоспарланған.

Жөндеу жұмыстарын «Базис-К» ЖШС-і атқаруда. Жалпы ұзындығы 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см болса, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см етіп төселеді.

Бұл көшеде соңғы жөндеу жұмысы 2011 жылы жүргізілген. Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, қаладағы магистралды көшелерді жөндеудің аралық мерзімі бес жылды құрайды.

Зерделеу жұмысы нәтижесінде көшеде бордюрларды ауыстыру қажеттілігі туындаған. Жаңадан төселетін асфальтобетон ескі жолдан 3-4 см жоғары болады. Бордюрдің қауіпсіздік 15 см биіктігін сақтау мақсатында жаңасына ауыстырылады.

Осы жылы қалада барлығы 182 көше орташа жөндеуден өткізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір