19 Қазан, 2021 Спорт
Фото: Ашық дереккөз
Боксшы, Лондон олимпиадасының чемпионы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қызметінен босатылды. Ақпараттық мәдениет және спорт министрлігі растады.
– Бұл ақпаратты растаймыз. Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өз еркімен қызметінен босатылды, – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетін 2019 жылдың 30 қаңтарынан бері басқарған.
Оған дейін Сәпиев 2014-2017 жылдары "Astana Arlans" бокс клубының бас директоры болған, 2013-2014 жылдары Қазақстан Бокс федерациясының спорттық директоры қызметін атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір