• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:13:58
Алматы
+12°

Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мұғалімдерді сенбілікке шығаруға қатысты жазбасына пікір білдірді, деп хабарлады Saryarqanews сайты.

Ол қалалық сенбіліктің 16 қазан күні өткенін және оған қаланың барлық мектебі қатысқанын жеткізді.

– Аталған хатта сабақты немесе оқу процесін тоқтату туралы нұсқаулық болған жоқ. Бір мектептің директоры еңбек демалысында болған, орнына орынбасары шешім қабылдаған. Бірақ сабақ тоқтаған жоқ, онлайн түрде өтті, – деді Гариков.

saryarqanews.kz

Сондай-ақ әкім орынбасары білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жазбасына қатысты пікір білдірді.

– Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің пікіріне келер болсақ, егер біз ұстаздарды бір рет күзде болатын бүкіл қалалық сенбілікке шақырған болсақ, әкімдік қызметкерлері әр апта сайын сенбілікке шығады. Бұл жерден айтарлықтай ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Бұл – біздің қала, біз қаламыз үшін тырысамыз, меніңше кез-келген қаланың жанашыр адамы бұл сенбілікке қуана-қуана атсалысады.  

Ешкімді қинаған жоқпыз. Бізде арнайы хаттамалар бар. Онда әр директор қызметкерлерімен қосымша жұмыс істу мен үстемақыны өздері шешеді, – деді ол. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір