• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:52:46
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысында қатаң карантин жариялануы мүмкін. Өңірде соңғы 2 аптада 1 мен 14 қазан аралығында коронавирус жұқтарғандар саны 1,5 есеге артқан, деп хабарлады Петропавловск.news сайты. 

Бұл өсімді дәрігерлер вакцинацияның төмен қарқынымен, коронавирустың "дельта" штаммының таралуымен байланыстырады. 

Облыс бас санитар дәрігерінің орынбасары Арман Кушбасовтың айтуынша, соңғы уақытта күніне 200-300 адам ғана екпе салдырған. Бұл эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етіп отыр.

– Екі аптадан бері СҚО "қызыл" аймақта. Егер ауру деңгейі азаймаса мекемелердің жұмысын тоқтатып, локдаун жариялауымызға тура келеді. Әрине бұл мәжбүрлі шара, себебі науқастар санының көбеюі медициналық мекемелерге салмақ түсіруі мүмкін,  – деді Арман Күшбасов. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Карантин Локдаун

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір