• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:04:58
Алматы
+12°

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылы тұрғындары жер астымен тартылған газ құбырының тозығы жеткенін, тіпті көгілдір отынның иісі мүңкіп тұрғанын айтып шағымданады, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

"Алда-жалда жарылып кетсе, үлкен трагедияға тап боламыз" деп қорқатын жұрт құбырларды стандартқа сай етіп жер үстімен жүргізіп берсе дейді.

– Жаз күндері иіс енді невозможно. Балаларымыздан қорқамыз. Көшеде ойнайды. Бір жерін қозғап кете ме, жарылып кете ме деп, – дейді Роза Мұсағалиева Қызылтөбе ауылының тұрғыны. 

Аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Қарасаев мәселені шешу жұмыстары қолға алынғанын айтты. 

Еске салсақ, кеше Көкшетауда Көктем шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің 2-қабатында газ баллоны жарылды. Тұрғындар бірнеше апта орталықтандырылған газ болмағандықтан, газ баллондарды пайдаланған.

Төтенше жағдай салдарынан екі адам зардап шеккен. Бірінің денесін 18 пайызға дейін күйік шалған. Қазір екеуі де ауруханада ем қабылдауда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау газ құбыры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір