• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қазан, 16:54:10
Алматы
+17°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау» және «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1.Шымкент қаласындағы №12, 19, 37 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттеріне әдістемелік сүйемелдеуге қажетті қаражат бөлінуін қарастыру.
2. Қаладағы мектеп оқушыларының жан басына қаржыландыру туралы тиісті басқарманың баяндамасын тыңдау.
Кеңес мүшелері қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызына ерекше балаларға қатысты бірнеше сауал қойып, мәселенің шешілу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, аутизм балаларға мектептерде қандай жағдай жасалғаны, оларға арнайы мамандарды оқыту туралы сөз қозғалды.
Қалалық білім басқармасының басшысы аутизм балалармен жұмыс жасайтын мамандардың даярланып жатқанын және қаладағы барлығы 55 мектепте осы санаттағы балалар үшін инклюзивті оқытуды қолдау кабинеттері ашылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті болдырмау жолдары айтылып, нақты ұсыныстар берілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент НұрОтан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір