29 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция мәжілісін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді.
Фракция отырысына партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева, төрағаның орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, фракцияға мүше депутаттар және бауапты басқарма басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысы талқыланды.
Аталған Жол картасында 149 іс-шара орындау бекітілген.
Бекітілген Жол картасы бойынша 149 іс-шараның 9-ның орындалмау қаупі бар. Осыған орай ол іс шараларға жауапты сала басшылары баяндама жасады.
Отырыс барысында Жол картасының 102, 104 тармақтарының орындалуына жауапты қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясовтың баяндамасынан аталған тармақтардың орындалу барысында бірнеше мәселе орын алды. Атап айтатын болсақ: Орталық көшелерінің бойынша, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, декоративті ағаш көшеттерін дайындайтын 200 гектар тұқымбақ ашу қарастырылған жерлердің гидрогеологиялық жағдайы зерттелмеген.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысының орынбасары Абунасыр Шарифуллаұлының баяндамасында Жол картасының 70 тармағы - 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құру және 71 - тармағы - 89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 га жылыжай салу бойынша да мәселелер талқылынды.
Отырыс соңында, жоғарыда айтылған орындалу тәуекелдері жоғары тармақтардың, оның ішінде 70, 71, 102, 104 бойынша Саяси кеңес Бюросының күн тәртібіне қарау туралы ұсыныс енгізілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір