• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 13:03:00
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жуырда Nur Otan партиясы, Қаратау ауданы филиалының қабылдау бөліміне «Испиджаб» тұрғын алабының тұрғындары келді. Олар жетекші партияға тұрғын алабтағы Н. Юлдашев көшесіне жөндеу жүргізіп беру туралы өтініштерін жеткізді.

Азаматтардың бұл өтінішіне Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,фракция мүшесі Лазиз Сулайманов бей-жай қарамады. Ол «Испиджаб» тұрғын алабындағы тұрғындар көтерген осы мәселені өз қаржысы есебінен реттеп беруді ұйғарып, қажетті жұмыстарды қолға алады.

Бүгінде көшені жөндеу жұмыстары аяқталды. Депутат Лазиз Сулайманов өзінің бұл демеушілік ісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «30 игі іс» партиялық жобасын қолдау мақсатында жүзеге асырып отыр.

Жомарт жанды депутатқа тұрғындар алғыс білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент көше жөндеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір