• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:07:53
+12°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасына сәйкес, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 590 жаңа сатып алған автобустардың ішінде 300 автобус тасымалдаушыларға лизингке берілді.

Автобустар 19 қалалық тұрақты маршруттарында халық игілігіне қызмет көрсетуде. Қалған 290 автобусты газ станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін, лизингке беріліп, маршруттарға шығарылады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 18 тасымалдаушы 79 маршрутта қызмет көрсетуде. Қалада жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын 1 050 қоғамдық көлік бар, оның ішінде қызмет көрсету мерзімі 3 жылға дейінгілері – 600 (57%) , 7 жылдан астамы - 150 (14%).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір