• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қазан, 17:02:52
Алматы
+17°

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында жарылыс болғаны туралы ақпарат пен видео тарады. Ақпаратты қорғаныс министрлгі растады.

Министрлік таратқан хабарламада 10 қазанда сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенгені айтылады.

Министрлік мәліметішне, жарылыс кезінде оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектер жан-жаққа ұшпаған, ғимараттар мен құрылыстар зақымданмаған.

Сондай-ақ тағы да жарылыс болуы мүмкін екені хабарланды.

"Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан  бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта а.ж. 26 тамызында өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда делінген ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін 26 тамызда Жамбыл облысындағы әскери қоймада бірнеше жарылыс болып, соның салдарынан 17 адам қаза тауып, әскери бөлім маңындағы Қайнар ауылындағы үйлер ғимараттар бүлінген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбылдағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір