08 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Филиппиндік журналист Мария Ресса мен ресейлік журналист Дмитрий Муратовке Нобель сыйлығы берілді. Нобель комитетінің ақпаратынша, олар бұл сыйлыққа Филиппин мен Ресейде сөз бостандығын қорғау жолында батыл күрескені үшін лайық деп танылған.
Комитет оларды "сөз еркіндігін жақтайтын барлық журналистердің өкілі" деп атады.
Сыйақы ретінде 10 миллион швед кроны (1,1 миллион доллар) берілетін беделді сыйлықтың жеңімпаздары Ослодағы Норвегия Нобель институтында жарияланды.
"Rappler" ақпарат сайтының негізін қалаушы Ресса ханымға Нобель сыйлығы өз отаны Филиппинде "билікті асыра пайдалануды, зорлық-зомбылық пен күшейіп келе жатқан авторитаризмді әшкерелегені үшін берілген.
Ал "Новая газета" тәуелсіз газетін құрған және оған 24 жыл бас редактор болған Дмитрий Муратов ондаған жылдар бойы Ресейде сөз бостандығын қорғап келгені үшін сыйлыққа лайық деп танылған. Жыл сайын Ресейде сөз еркіндігі барған сайын қиын жағдайға түсіп келеді.
Муратов өзі марапат туралы әлі ашық түрде ешнәрсе айтпады, бірақ оны Кремль құттықтады.
Кремль өкілі Дмитрий Песков журналист жайлы "Ол өзінің ұстанымдарына сәйкес табандылықпен жұмыс істейді, ұстанымына берілген, талантты, батыл" деді.
Нобель комитеті журналистика еркін, тәуелсіз және фактілерді негіз етуі керек екенін айтып, "тәуелсіз журналистика билікті асыра пайдаланудан, өтіріктен және соғыс насихатынан қорғауға қызмет етеді" деп хабарлады.
"Сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы болмаса, біздің заманымызда мемлекеттер арасындағы достықты, қарусыздануды және жақсы әлемдік тәртіпті табысты дамыту қиын болады" делінген комитет мәлімдемесінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір