05 Қазан, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов үкімет отырысында Маңғыстау облысында орташа жалақы 353 мың теңгеге көтерілгенін мәлімдеді.
Министрдің сөзінше Маңғыстауда 11 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Жалдамалы жұмыскерлер саны 291 мың адам. Олардың орташа жалақысы 353 мың теңгені құрайды.
– Өңірде 2025 жылға дейін 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу көзделді. Сондай-ақ 150 мың тұрғын жұмыспен қамтылады. Осының арқасында 2025 жылы облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан аспайды,– деді министр.
Айта өтейік, жыл басынан бері Маңғыстауда 22 еңбек жанжалы тіркелген. Жұмысшылардың қоятын негізгі талабы жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір