• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:56:59
Алматы
+12°

Ақмола облысына қарасты Байқоныс ауылында пәтер өртеніп, бес жастағы бала көз жұмды. Бұл туралы облыстағы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, өрт 1 қазан күні сағат 06:15-те Байқоныс ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт 85 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Өртті сөндіруге ТЖД-ның 6 қызметкері және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып үлгерді. Өкінішке қарай, 2016 жылғы үлкен ұлы өрттен көз жұмды. Күйік шалған ер адам Степногор қалалық ауруханасына жатқызылды" деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да сөндірілгенін мәлім етті. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақмола облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір