• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:58:47
Алматы
+12°

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан азаматтар мен олардың әйелдерінің банк алдындағы қарызы кешірілді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп, Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдаған.

– Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізілген жұмыстарымыз нәтижесіз аяқталған жоқ. Төтенше оқиға салдарынан қайтыс болған қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінгі таңда 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді, – деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні Байзақ ауданында орналасқан 28349 әскери бөлімі аумағында болған өрт пен жарылыс кезінде 17 азамат көз жұмған. 1 адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның қызметкерлері мен әскери қызметшілер бар.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тараздағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір