23 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2005 жылдан бері бірінші рет ауа сапасы бойынша нұсқаулықтарды қатаңдатты. Ауаның ластануы адам денсаулығына ең үлкен экологиялық қауіптердің бірі екенін ескертіп, жылына жеті миллион мезгілсіз өлімге әкелетінін жариялады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау агенттігі ауаның ластануының қатері "зиянды тамақтану мен темекі шегу сияқты басқа да жаһандық қауіп -қатерлермен" бірдей екеніне басымдық берді. Сол үшін БҰҰ ортаның ластануына қарсы шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін айтты.
"ДДСҰ ауа сапасының көрсеткіштерінің барлық деңгейін өзгертеді" деген ұйым өкілі жаңа нұсқаулық денсаулыққа елеулі қауіптермен байланысты екенін ескертті. Жаңа ережелер миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін екені айтылды.
Жаңа нұсқаулар адамдарды атмосфералық ауаның ластануының қолайсыз әсерінен қорғауға бағытталған және оны үкіметтер заңды күші бар стандарттарға сілтеме ретінде пайдаланады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір