• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:55:49
Алматы
+12°

Гарвард университетіндегі қазақ тарихшысы, картограф Нұрлан Кенжеахмет Ислам ғалымдары аспанмен тілдескенін, ғылымның түбіне жетіп, әлемдік ғылымға зор үлес қосқанын жеткізді. Тарихшы бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Әл-Идриси (1100-1166) өзінің әйгілі дүние жүзі картасын 1154 жылы жариялайды. Айтайын дегенім осы картаның кейінгі Еуропа, қытай карталарына ықпалы туралы. 1492 жылы Христофор Колумб шығыстағы Индияға барам деп, Араб географтарының "жер домалақ" деген ілімі бойынша батысқа қарай кетеді, ақыры қазіргі Куба маңындағы аралдардан бірақ шығады.

Индияға жеттім деп, арал тұрғындарын индияндар деп атайды. Колумб жаңа құрылықты тапса да, өлгенше өзінің тапқан жерін Индия деп кеткен. Ал Еуропалықтар жаңа құрылықты туралы зерттеп, оның тұрғындарын жұйе-жүйеге бөлсе де, Ресейдің шығысындағы Орталық Азия олар үшін тілсім жер боп қала берді.

1592 жылы Римде Идриси еңбегі баспадан шығады, әрине түп нұсқа араб тілімен. Бүгін сәті түсіп сол нұсқасын Гарвард кітапханасының сирек қорынан алып көз мейірімді қандырдым.

1619 жылы Идриси еңбегі Латыншаға аударылады. Еуропа картографтары осы еңбектен пайдаланып, Орталық Азияның картасын сызады. Мына 1693 жылы сызылған картадағы Каспидің шығысындағы жер аттары Идриси картасынан көшірілген, мысалы, Даранда, Дарку, Дадеми, Дамбаха, Марға (қазіргі Мұғалжар тауы), Тараз, Фараб, т.б.

Ислам ғалымдары дүние дүзілік ғылымға сүбелі үлестер қосқан, ғылымның түбіне жетіп, аспанмен тілдескен. Өздері 18 мың ғаламның қай жерінде тұрғандарын білген" деп жазды картограф Facebook әлеуметтік желісінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір