• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:31:10
+12°

Алматы қаласы мен Ақтөбе облысында карантин шараларына өзгеріс енгізілді.

Алматы қаласының  бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 17 қыркүйекте карантин шараларын шектеуге қатысты жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес:

  • қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болған жағдайда демалыс күндері барлық "Ashyq" обьектілерне сағат 00.00-ге дейін, "Ashyq"  көшбасшыларына сағат 02:00 дейін,  мекемеге кіруге рұхсат етіледі.
  • қоғамдық көлікте карантиндік шектеу шаралары қатаң сақталуы тиіс;
  • маскасыз жолаушыларға қоғамдық көлікке кіріуге тыйым салынады;
  • адам көп жиналатын іс-шаралардың өтуіне тыйым салынады.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н. Беркімбаеваның қаулысына сай төмендегідей шектеу шаралары қабылданады.

  • қоғамдық көлікте жолаушыларға қолжетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлер орнатылуға тиіс; жолаушылар, жүргізушілер және кондукторлар маска режимін міндетті түрде сақтауы керек; қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.
  • ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір