• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:47:21
Алматы
+12°

Жапония, АҚШ және Оңтүстік Кореяның жетекші ядролық өкілдері Токиода Солтүстік Кореяның зымырандық және ядролық бағдарламаларын талқылау үшін келіссөздер жүргізді. Келіссөз Пхеньян жаңа қашықтыққа ұшатын қанатты зымыранды сынақтан өткізген соң бір күннен кейін болды.

Солтүстік Кореядағы мемлекеттік БАҚ зымыранды "стратегиялық" маңызды қару деп сипаттаған. Ал сарапшылар қарудың ядролық қуаты болуы мүмкін екенін айтады.

Жапон өкілі Такехиро Фунакошим, Оңтүстік кореялық әріптесі Но Кю және Вашингтон тарапы Солтүстік Корея мәселелерін шешу үшін дипломатияға ашық екенін айтты.

Ақ үй Пхеньянның жақындағы зымыран сынағына қарамастан АҚШ-тың  келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі мамыр айында Солтүстік Кореяға жаңа көзқарас жариялап, әлі де ядролық қарусырздандыруға тырысатынын, бірақ Пхеньянға "үлкен мәміле" жасауға дайын емес екенін айтты.

Ядролық қарусыздандыру туралы келіссөздер 2019 жылдан бері тоқтап қалған. Ал Солтүстік Корея санкцияларды жеңілдетуді талап етті.

Пхеньян Вашингтоннан Солтүстік Кореяға қатысты саясат өзгеруінің ешқандай белгісін көрмегенін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір