• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:27:46
Алматы
+12°

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "қазақстандықтардың барлық жеке дерегі Ресейге қолжетімді болады" деген ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды. 

– Біріншіден, ЕGov.kz порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді. "Қазақстандықтардың барлық деректері Ресей Федерациясына қолжетімді болады" деген түсінік қисынсыз, –  деді ол. 
 
Министрдің сөзінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы көптеген мекемелер ақпараттық тұрғыда шетелдік құрылымдармен жұмыс істеген.
 
–  Десе де олардың бәрі біздің мәліметтерді ала алады деген сөз емес. Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұра туындамауы да керек. 
 
ЕGov.kz — бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған "витрина" ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды. Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін.
 
Ағымдағы кезеңде біздің міндетіміз – әртүрлі технологияларда жазылған, кейде бағдарламашы этикасы ескірген жүздеген жүйелердің орнына, барлық деректер бірыңғай платформада реттелген және түсінікті болатын ондаған жүйелерге өту. Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнына біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді, –  деп жазды Бағдат Мусин. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Баңдат Мусин eGov

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір