• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:28:01
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыста ерлікпен қаза тапқандарды мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

Заикин Сергей Владимирович (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Әділбек Әділет  Қанатбекұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) –Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері.

Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы. 

29 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқан әскери қызметкерлерді І және ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттаған болатын.

26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағыоқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза тауып, әскери бөлім маңындағы Қайнар ауылында жиырмаға жуық үйге зақым келген.

Қайтыс болғандкр арасында азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбылдағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір