13 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ortcom.kz
Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов балаларды вакцинациялау мәселесі әлі шешілмегенін мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.
– Балаларды вакцинациялау мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз-аналардан ешқандай сауалнама жинамаймыз. Қызылорда облысында балаларды вакцинациялау туралы ақпарат шықты. Ол жалған құжат. Қалай болғанда да, ол ақпарат расталған жоқ.
Егер вакцинациялау туралы жұмыстар жүргізілсе, ол бүкіл республика бойынша жүргізіледі. Бірақ бүгінгі күні балаларды вакцинациялау туралы мәселе жоқ, – деді Байжұманов.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысында балаларды вакцинациялауға қатысты ақпарат тараған болатын. Кейіннен Алматы облысының әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов ол ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір