10 Қыркүйек, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Алматыдағы барлық автобустар мен троллейбустарда жолақыны бірыңғай QR-код арқылы төлеу қызметі пайда болды, деп хабарлады SMSBUS компаниясы.
Жолақыны төлеу үшін смартфондағы төмендегідей қосымшалар арқылы бірыңғай QR-кодты сканерлеу керек.
- Kaspi
- Beeline
- Homebank (Halyk Bank)
- Qiwi
- Sberbank KZ
- Post.kz ("Казпочта")
- kassa24
- activ/Kcell
- Tele2
- Altel
- Paybox (Woopay)
QR-код жапсырмасы автобус пен троллейбус салонындағы ақпараттық терезеде және есіктерде орналасады.
Жолақы құны бұрынғыдай – 80 теңге.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір