• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:26:40
Алматы
+12°

Әлеуметтік желіде Маңғыстауда атом электр станциясын салу жоспарланып отыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратты өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында облыс әкімінің баспасөз хатшысы жоққа шығарды

– Президент өзінің Жолдауы барысында үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар осы тапсырманы пысықтауда. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылмағанын атап өткен жөн, – деді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлмира Әбішева.

Президент биылғы жолдауында Қазақстанда 2030 жылға қарай электр қуатының тапшылығы пайда болатынын, әлемдік тәжірибе бойынша мұның ең оңтайлы шешімі бейбіт атом екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір