• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:25:22
Алматы
+35°

Алматы маңында орналасқан  ″Муз Тау″ мейрамханасында ірі өрт шықты, деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 5 қыркүйек сағат 17:26 шамаларында болған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылында мейрамхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт 18:13-те оқшауланып, 19:09-да 500 шаршы метр аумақта сөндірілді (ғимараттың жалпы ауданы 1320 шаршы метр, екі қабатты)″ делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өрт сөндіру кезінде зардап шеккендер болмаған.

Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақырылған. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір