01 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ветеринария мамандарының жалақысын арттыру керек екенін айтты. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған жолдауында хабарлады.
– Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Сондықтан бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен қызметтер нақты бөліну керек. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді, – деді Тоқаев.
Президент ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес екенін атап өтті. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқару қажет екенін ескертті.
– Атап айтқанда үдерістерді цифрландыру және мәлімет жинау, оны автоматтандыру маман дайындау және олардың жалақысын арттыру туралы үкімет жыл соңына дейін ветеринария жұмысын реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек, – деді президент.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір