• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:09:07
Алматы
+12°

Жамбылдағы жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші Байбек Сембеков әскери қоймадағы жарылыстың қалай басталғанын баяндап берді. Видео studiya_7tv парақшасында жарияланды.

Байбек Сембеков Тараз қалалық өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы. Жарылыс басталғанда ол алғашқылардың бірі болып әскери қоймаға барған.

– Оқиға орнына барғанда, әскерилердің біріне жолығып, қоймада не сақталғанын сұрадым. Оның қатардағы жауынгер немесе офицер екенін білмедім. Жарылатын зат бар ма дегенде, қатты жарылатын зат жоқ деді. Содан біз бірден су алатын жер іздей бастадық. Ол жерде су мүлдем болмады. Біз мініп келген көліктерде 5 немесе 8 тонна ғана су болған.

Бір әскери адам келіп, танктерінде су жоқ екенін айтты. Біздегі суды соған құю керек болды. Солай жасадық. Барлық көлік өртке жақындады. Мен көлікке отырдым, қасымда бір сарбаз болды. Енді өртті сөндіретін кезде, жарылыс басталды. Содан көлігіміз аударылып кетті.

Қасымдағы екі сарбазбен көліктің артқы жағына отырдық. Ары қарай нақты есімде жоқ. Біреу көліктің есігін немесе терезені ашты. Біреулер айқайлап, жылап жатты. Көп адам жерде қан болып жатты. Мен сөйлейін десем, аузым әйектерге толып қалған. Тоқтаусыз қан түкіре бердім. Қарасам көліктің алдыңғы терезесі сынып, жоқ болып кеткен.  

Сыртқа шыққанда, біреудің көзі көрмеді, құлағы естімеді. Бұл бірінші жарылыс еді, 10 минуттан кейін екінші жарылыс болды. Бәріміз жерде жаттық. Біреудің аяғы жараланды. Барлығымыз қалай аман қалсақ деп ойлап жаттық. Содан тағы бір жарылыс болды да бір-бірімізден көз жазып қалдық.

Сосын телефон арқылы олардың қайтыс болғандарын естідім, – дейді Байбек Сембеков. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

 

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

Жарылыстан қаза тапқандардың толық аты-жөні:

Ефрейтор Р.С.Жанболатов – 40 жаста

Сержант М.С.Мершімбай – 40 жаста

Старшина Е.Е.Нәдірбеков – 41 жаста

Азаматтық қызметкер О.Д.Дәлібаев – 59 жаста

Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры А.Қ.Қапезов – 44 жаста

Сержант-өрт сөндіруші А.С.Темірболатов – 28 жаста

Полковник М.К.Айманов – 45 жаста

Подполковник А.Н.Микропуло – 50 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Е.Қ.Сандыбаев – 30 жаста

Сержант, аға өрт құтқарушысы Т.Қ.Төребеков – 40 жаста

Майор С.Ж.Әлімбеков – 36 жаста

Майор, қарауыл басшысы С.В.Заикин – 41 жаста

Аға сержант, жүргізуші Г.Ж.Қуатбек – 26 жаста

Кіші сержант, өрт құтқарушысы Ә.Қ.Әділбек – 25 жаста

Қатардағы өрт сөндіруші Ә.Б.Кеңес – 22 жаста

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбылдағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір