Видеодан скриншот
Жамбыл облылы әкімінің баспасөз қызметі Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылындағы No28349 әскери бөлімінің (инженерлік бригада) оқ-дәрі қоймасында екі үлкен жарылыс болғаны туралы ақпарат жариялады. Қазір жарылыс болған аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Алайда жергілікті тұрғында сәт сайын дүмбу даусын естіп жатқандарын айтуда.
Ресми ақпаратта Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 32 адам түскені хабарланған. Артынша желіде ауруханаға түскендер саны 60-қа жеткені туралы ақпарат шықты. Оның 11-і әскери адам. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Жарылыс 250 тұрғыны бар Қайнар ауылы 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта болған. Қазіргі уақытта халықты эвакуациялау басталған. Желідегі видеоларған қарағанда эвакуацияланғандар Тараздағы мектептердің біріне орналастырылады.
Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің 300 адамдық жеке құрамы мен 5513 әскери бөлімінің 520 адамны жұмыс істеп жатыр.
Апат болған жерге баратын барлық жолдар, соның ішінде теміржол уақытша жабылған. Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуациялануда. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді патрульдеу ұйымдастырылған.
"Байзақ ауданында жедел штаб құрылды, оны облыс әкімі Б.Сапарбаев басқаруда. "Алматы-Тараз" жолдарын облыстық жол полициясының 3 экипажы уақытша жапты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір