26 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: tengrinews.kz
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылы қарсаңында Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарына барғанын хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасындажазды.
– Педагогтерге еңбекақы төлеу мәселесі маңызды. Биология пәнінің мұғалімі 430 мың теңгеден астам еңбекақы алатынын, сондай-ақ педагог мәртебесін арттыру жөніндегі шаралардың тиімділігін байқап отырғанын тілге тиек етті, – деп жазды желіде.
Аймағамбетов Зеленый бор ауылдық мектебінде 500-ден астам оқушы білім алып жатқанын айтып, педагог-әріптестерімен әңгімелескен.
– Биылғы оқу форматы туралы әңгіме барысында мұғалімдер дәстүрлі офлайн форматын қолдайтындарын атап өтті. Балалар мектепке оралған кезде педагогтер ең алдымен білім беру диагностикасын жүргізу, оқу бағдарламаларын бейімдеу және білімдегі олқылықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр, – деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір