• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:28:46
Алматы
+12°
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібін таныстырды. 
 
Министрдің сөзінше, енді мектеп директорлары бірнеше тәртіппен тағайындалады. 
 
– Біріншіден мектеп директорының міндетін атқарушысы болып 3 айдан аспайтын және бір реттен артық емес мерзімде ғана істеуге болады. Осы кезеңде конкурс өткізіліп, жаңа басшы тағайындалуы керек. Мектеп директорының бос орны пайда болғаннан кейін, конкурс туралы хабарландыру 7 жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылуы керек. Директор уақытша (бала күтіміне байланысты демалыс, оқу және т.б.) кететін болса да конкурс арқылы тағайындау болады. Және конкурсты бұрындағыдай аудандық білім бөлімдері емес, облыстық білім басқармалары өткізетін болады. Бүгінде елімізде мектеп басшысы лауазымына 700-ден астам бос жұмыс орны бар, – деді Аймағамбетов. 
 
Байқаудың өзі бірнеше кезеңнен тұрады:
  • кандидаттардың директор лауазымына құжаттарды тапсыруы;
  • білім басқармасындағы кадр қызметінің кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауы, конкурсқа қатысуға рұқсат беруі;
  • үміткерлерге арналған электрондық тестілеу (басқарушылық құзыреттер, педагогика, психология, ҚР Заңнамасы бойынша тестілеу);
  • оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын қорғау (тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда);
  • Білім басқармасындағы әңгімелесу (Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын сәтті қорғап шыққан үміткерлер жіберіледі). 
Сонымен қатар болашақ директорлар міндетті түрде менеджмент курстарынан өтіп, тиісті сертификаттары болуы керек. Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы қажет.  
 
Барлық кезеңнен өткен үміткермен білім бөлімі тиісті еңбек шартын жасап, оны директор етіп тағайындау туралы бұйрық шығарады.
 
Тағы бір жаңашылдық – кадр резервін құру. Алғашқы екі кезеңнен (тестілеу және қамқоршылық кеңеспен келісу) сәтті өткен, бірақ білім басқармасында әңгімелесуден өтпеген кандидаттар енді бір жылға резервке алынуы мүмкін.
 
Бұл кандидаттарға мектептің қамқоршылық кеңесімен келісе отырып, бір жыл ішінде директор лауазымына тағайындалу құқығы беріледі.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір