• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:16:18
Алматы
+12°
Кәсіпкер, қоғам белсенділері Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжан арасындағы сот процесіне нүкте қойылды.
 
Мұхтар Тайжан бұған дейін сотта жеңіп шыққанын, Марғұлан Сейсембай жұрт алдында кешірім сұрауға міндеттелгенін айтқан. Енді міне, Сейсембай сот шешімін орындап, Тайжаннан кешірім сұрап отыр. Ол сондай-ақ екеуара даудың жай-жапсарын түсіндіре кетті. Оның сөздерінен сот процесі Мұхтар Тайжан айтқаннан мүлде басқаша өрбігенін ұғуға болады.
 
Мұхтар Тайжан мәлімдемелерінде сотта жеңіп шыққанын бірнеше рет қайталаса, Марғұлан Сейсембай сот барысында іс туралы жақ ашпады. Ал дау Марғұлан Сейсембайдың 2020 жылғы 25 сәуірде Мұхтар Тайжан туралы әлеуметтік желіде жазған жазбасынан басталған. Ол жерде Сейсембай Тайжанға 237 100 мың доллар ақша бергенін, Тайжан мен оның отбасын түрлі мәселелер бойынша моральдық және материалдық жағынан қолдап келгенін, соған қарамастан Тайжан өзін қаралап, ақпараттық соғыс жариялап, биліктің тапсырмасын орындап отырғанын жазады. "Туған анаң мен пияз еккен байғұс фермерлермен соттасқаныңды ескерсек, сенен бәрін күтуге болады" деген сөз айтады. Дау артынша, тараптардың соттасуына ұласады.
 
Марғұлан Сейсембай бастапқыда баспасөз өкілдерінің сотқа қатысуына қарсы болғанының себебін "хайп жасауды қаламағанымен" түсіндіреді. Алайда Тайжанның сыңаржақ ақпарат беруін көрген соң, баспасөзді сот ісіне қатыстыруды сұрағанын жеткізген.
 
Кәсіпкердің сөзінше, ол Тайжанның өзіне қатысты жасаған шағымының 10 тармағының 9-ы бойынша жеңіп шыққан. Ол жеңіп шыққан 9 тармақты ашып жазғысы келмейтінін, керек болса, адвокатынан істің мән-жайын сұрауға болатынын айтады.
 
 
"Мен тек бір тармақ бойынша жеңілдім, ол жерде "засудил свою родную мать и сестру" деген сөздердің жала екендігі айтылған. Сот посттың орыс тіліндегі нұсқасына қатысты шешімді оның пайдасына шешті. Қазақ тіліндегі нұсқасына қатысты ол дауласа алмады (ол жерде "соттасқан” деп дұрыс жазылған). Сотта ол өз анасымен екі рет соттасқаны анықталды. Бірінші рет анасының "Өзінің күтіміне ай сайын 50 АЕК көлімінде алимент өндіріп алу бойынша" талабына қатысты, екіншісі жылжымайтын мүлікке қатысты дау. Менің "засудил» родную мать и сестру" деген сөзім Тайжанның ар-намысына тиіп, нұқсан келтіріпті. Оның ойынша, ол анасын «сотқа бермеген» («засудил»), қайта анасы оған қарсы сотқа арызданған. Ал ол өз анасымен соттасқаны үшін еш шімірікпейді. Мен әрине бұл жайтты көтергенім үшін қынжыламын. Егер ол қатардағы қарапайым адам болса, бұл мәселені ешқашан көтермес едім. Алайда ол халық алдында саясаткер, әрі адамгершілі мол адам ретінде көрінуге үміт етіп жүр, сондықтан мұны айтпай кету дұрыс емес болар еді. Ал енді сот шешімін орындай отырып, мен өз постымда "он засудил" свою мать и родную сестру" деп қате жазғаным үшін көпшілік алдында Мұхтар Тайжаннан кешірім сұраймын. Анасы мен туған бауырын сотқа берді ("засудил свою родную мать и сестру") деген сөзімді теріске шығарамын. "Мұхтар Тайжан анасымен екі рет соттасып, сотта оны екі рет жеңді" ("Мухтар Тайжан дважды судился со своей матерью и дважды выиграл ее в суде") деп жазғаным дұрыс болады екен" дейді Сейсембай.
 
Ал Мұхтар Тайжан әлеуметтік желіде сот процесі 10 тармақтан тұрғаны туралы ештеңе демей, тек өзі жеңіп шыққан бір тармақ туралы ғана айтқан.
 
Мұхтар Тайжан бүгін желідегі парақшасында "Марғұлан Сейсембайды кешірім сұратқызамын деген уәдемде тұрдым" деп оның кешірім сұрауын қабыл алатынын мәлімдеді. Сол арқылы дауға нүкте қойылғанын білдірді. Ол Сейсембай жазбасының тек кешірім сұраған тұсын ғана пайданалып, адамдардың жеке өміріне араласудың дұрыс еместігін жеткізген.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір