19 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: inform.kz
Алматы облысында екі полицей жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
Оқыс оқиға 17 тамыз сағат 22:00-дер шамасында "Алматы-Өскемен" тасжолында болған. "Toyota Camry" автокөлігі солтүстік бағытта жүріп келе жатқанда алдыңғы сол жақ дөңгелегі тесіліп, жеңіл көлік 90 градусқа айналып, "Hyundai Accent" автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімінің 21 жастағы Мұхтар Нұртілеу және 23 жастағы Санжар Омарбек атты 2 қызметкері оқиға орнында қаза тапқан. Ал үшінші полицей 21 жастағы Мақсат Рамазан түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Сондай-ақ Өтеген батыр кентіндегі орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен осы көліктің тағы бір жолаушысы жеткізілді.
Қазір аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір